428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

  • 90
  • UPD: 16:33, 16.10.2020

Алматы қаласында Kaspi банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Банктің баспасөз қызметінің айтуынша белгісіз екі азамат кеше кешкісін бөлімшеге баса көктеп кірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мына видеода қарақшылардың бірінің қолында мылтыққа ұқсас зат бар. Екіншісінің балтамен қаруланғаны анық көрініп тұр. Кешкі мезгіл болғандықтан банкте клиенттер болмаған. Қызметкерлер аман-есен дейді банк өкілдері. Алдын ала болжам бойынша күдіктілер 2 миллион теңгеге жуық ақшаны қолды еткен. Дабыл түймесі басылғанда полиция дереу жеткен. Қазір қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы