422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде жоғалған алты жасар қыз табылды

  • 177
  • UPD: 14:03, 19.10.2020

Өскемен полицейлері  6 жастағы жоғалған қызды бірнеше сағат бойы іздеді. Ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін далаға шығып, адасып кеткен.

Оны іздестіруге қаладағы полицияның патрульдік жасақтары түгел жұмылдырылды. Арада бірнеше сағат өткенде кішкентай қыздың жүрген жері көшедегі «Сергек» бақылау камерасы арқылы анықталды. Бүлдіршін ата-анасына аман-есен табысталды.

Хабар 24 телеарнасы