425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда жұмысшы бесінші қабаттан құлап кетті

  • 320
  • UPD: 14:19, 19.10.2020
Павлодарда жұмысшы бесінші қабаттан құлап кетті

Павлодарда бесінші қабаттан құлаған жұмысшы аман қалды.

Бірнеше жарақат алған жұмысшы Павлодардың №1 қалалық ауруханасына жатқызылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Н.Назарбаев даңғылындағы көп қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтердің балконында 32 жастағы ЖШС монтері жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Ер адам байқамай балконнан құлап кетті.

«Жәбірленуші №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Диагноз – кататравма, сол жақ жамбас сүйектері сынған», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы