425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде авторлық құқықты бұзған клубқа қатысты іс қозғалды

  • 321
  • UPD: 07:57, 28.10.2020
Ақтөбеде авторлық құқықты бұзған клубқа қатысты іс қозғалды

Ақтөбеде авторлық және аралас құқықтар туралы заңды бұзды деген күдікпен бір ойын клубының заттары тәркіленді.

Нысанның ісіне қатысты бұған дейін компьютерлік ойын түрлерін ұсынушы компания өкілдерінен арыз түсіп, қылмыстық іс қозғалған. Енді ол соттың қарауына жіберілуі мүмкін. Ал тәркіленген заттарға сараптама тағайындалып, қаншалықты лицензиялық өнімдер тұтынғаны белгілі болмақ. Бұл республика көлемінде бастау алған «Хайтек» жедел алдын алу шарасы аясында Ақтөбеде анықталған олқылықтың бірі. Екі күнге созылатын шара ақпараттық технология саласындағы қылмыстарды анықтауға бағытталған. Оның ішінде интернет желісі арқылы әрекет ететін алаяқтардың ісі де басты назарға алынады. Тек былтыр жүргізілген рейд нәтижесінде өңірде үш қылмыстық іс қозғалған. 

Данияр Әлимұханбет, криминалдық полиция басқармасының маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

- Осы жедел алдын алу шарасы аясында ойын клубтарына рейд жүргізіледі. Жылда өткізілетін іс болғанымен аса маңызды және барша азаматтарға интернет-алаяқтардан сақ болуларын ескертеміз. Онлайн түрдегі сауда саттықта күманды заттарды алмауларын сұраймыз. Ең бастысы, жеке құжаттар мен банк картасын суретке түсіріп, сатушыға жібермеу қажет.

Хабар 24 телеарнасы