423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығысқа оңтүстіктен көшіп бармақ болған отбасылардың алаяқтығы анықталды

  • 215
  • UPD: 15:45, 28.10.2020

«Еңбек» бағдарламасымен шығысқа оңтүстік өңірлерден көшіп келмек болған кейбір отбасылар алаяқтықпен айналысқаны анықталды.

Олар Түркістаннан Тарбағатай ауданында көшіп келгені жөнінде жергілікті әкімдікке құжаттар өткізген. Мемлекеттен  берілетін  қаржылай көмекті де алып үлгерген. Ал шын мәнінде кейбір отбасылардың мүлде көшіп келмегені анықталды. Олар  жалған құжат арқылы 4 жарым миллион теңгені алып үлгерген. Дегенмен, бағдарламаның орындалуын тексерген   Шығыс Қазақстан облыстық экономикалық-тергеу  департаментінің қызметкерлері біраз былықтың бетін ашты. Тіпті кейбір отбасылар  баспана сатып алғаны туралы  құжат  өткізген. Жалған құжат жасап, қаржыны қалтаға басқан тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.  Енді олар  3 миллионға дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Немесе  мүлкі  тәркіленіп, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ләйлә Ысқақова,  облыстық экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі:

- Түркістан облысының 4 тұрғыны шығысқа көшіп келмей тұрып Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту бөліміне жалған құжат жасап ұсынған. Тіпті үй сатып алғандары туралы келісім-шартты құжат ретінде өткізген. Алайда олар үй сатып алдық деп, құжатта көрсеткен адамдарға сұрау салғанда  баспана  сатпағандарын айтып, таңқалды. Қазір осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы