422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Kaspi bank бөлімшесіне қарақшылық жасаған үш күдікті ұсталды

  • 128
  • UPD: 23:51, 30.10.2020
Kaspi bank бөлімшесіне қарақшылық жасаған үш күдікті ұсталды

Олардың екеуі Алматы қаласында, үшіншісі Оралда қолға түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілерден ұрланған қаражат тәркіленді. Қарақшылар қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды. Күдіктілердің бірі бұрын алаяқтағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Айта кетейік, осы айдың 15-сі күні кешкі 18:00 шамасында Сейфуллин және Гоголь көшелерінің қиылысындағы банктің бөлімшесіне бетперде киген қарақшылар басып кіріп, 2 миллион теңгеге жуық ақшаны алып кеткен болатын.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Кінәларын толығымен мойындады. Қазргі таңда басқа да деректер тексерілу үстінде. Қылмыстық кодекстің 192-бабының 3-тармағы бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделуде. Бірақ сот шешімін шығармас бұрын міндетті түрде ауырлататын және жеңілдететін мән жайларды есепке алады.

Хабар 24 телеарнасы