423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда өрттен үш адам қайтыс болды

  • 135
  • UPD: 09:54, 06.11.2020
Таразда өрттен үш адам қайтыс болды

Жамбыл облысының Тараз қаласында өрттен үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апат құрбандары – 1936, 1960 және 1982 жылы туған азаматтар. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша өрт кезінде егде жастағы әйел мен оның баласы түтінге уланған. Жанында орналасқан ас үйде тұратын немересі өрт сөндіру қызметі келгенше, туыстарын құтқарамын деп өзі де улы газбен уланып қайтыс болған. Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама түнде сағат 3:26 да келіп түсті. Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 21 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Сағат 04.24 минутта өрт толығымен сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы