423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау әкімдігі құрылыс мердігерімен заңсыз шарт жасасқан

  • 171
  • UPD: 20:52, 11.11.2020
Ақтау әкімдігі құрылыс мердігерімен заңсыз шарт жасасқан

Ақтау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен мердігер арасындағы келісім-шарт заңсыз жасалған.

Осылайша Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бірінші сатыдағы шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Жазда 27-шағын ауданішілік жолдарды жөндеуге қатысты мемлекеттік сатып алу конкурсынан дау шыққанын бұған дейін айтқанбыз. Тендерден ұтылып қалған компания оның әділ өтпегенін айтып, сотқа жүгінеді. Келтірілген деректердің растығы да анықталады.

Қарсы тараптың пікірінше, арнайы техникасы түгел емес мердігер мекеменің құжаттары конкурсқа жіберілген. Онымен қоймай, жеңімпаз деп танылады. Шотына 665 млн жуық бюджет қаржысының жартысынан көбі аударылған.

Гауһар Метерқұлова, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы:

- Талап-арыздың «Ынта» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін конкурстың жеңімпазы деп тану жөніндегі бөлігі қанағаттандырудан бас тартылды. Өйткені «жеңімпаз» деп тек қана конкурс комиссиясы ғана шеше алады. Соттың құзіретіне ол жатпайды. Ал енді шарттың жарамсыз деп танылуы сот барысында мемлекеттік сатып алу туралы шарттың «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңына қайшы жасалғандығы көрсетілді. Өйткені конкурсқа арнайы техникасы, біліктілік маманы сәйкес келмейтін әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысқан. Және ол жеңімпаз болып табылған.

Хабар 24 телеарнасы