422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балқаш қаласында ғимарат құлады

  • 89
  • UPD: 17:15, 12.11.2020
Балқаш қаласында ғимарат құлады

12 қараша күні Балқаш қаласындағы Ленин көшесі бойында бос тұрған ғимарат құлады.

Оның шамамен 360 шаршы метр алаңдағы қабырғасы қираған. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Қабырғаның құлауы салдарынан іргелес ғимараттағы авто жөндеу шеберханасында 4 адам жарақат алды. Сондай-ақ авто жөндеу шеберханасы цехының шатыры, терезелері, қабырғасы, сондай-ақ жабдықтар мен 3 жеңіл автокөлік зақымдалды.

Жарақат алған төрт авто жөндеу шеберханасының қызметкері дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы