424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстандықтарды шекарадан парамен өткізгендер ұсталды

  • 172
  • UPD: 14:31, 13.11.2020
Өзбекстандықтарды шекарадан парамен өткізгендер ұсталды

Түркістан облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырғандар ұсталды. Олар Өзбекстаннан келгендерді шекарадан өткізіп, ақша алып отырған.

Күдіктіні тінту кезінде оның қалтасынан айғақты зат ретінде ақша табылды. Бұдан бөлек тергеу барысында сезікті өзінің тағы екі бірдей сыбайласымен  шекарадағы сымтемірден 2 ай ішінде Өзбекстанның 10 азаматын өткізгендігі белгілі болды. Қазіргі таңда бұл дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып,  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қазір қамауда отыр. 

Хабар 24 телеарнасы