429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда джип аялдамаға соғылып, жер астына түсіп кетті

  • 332
  • UPD: 23:34, 14.11.2020

Алматыда автокөлік аялдамаға соғысып, жерасты жолына түсіп кетті. Зардап шеккендер бар.

Жол-көлік оқиғасы бүгін 12:50-де Бостандық ауданында болған. Оқиға орнының суреттері әлеуметтік желілерде жарияланды.

«Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі, 1975 жылы туған Б.есімді әйел Сәтпаев көшесімен батысқа қарай жүріп келе жатып, көлікті басқара алмай бетон жиектасқа, содан кейін аялдамаға соғылған. Көлік тоқтамастан жерасты жолына түсіп, аударылып құлаған», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан жүргізуші, 1980 жылы туған әйел және 2010, 2014, 2015 жылдары дүниеге келген үш бала зардап шекті. Көлік апатының жәй-жапсары мен себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы