422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда жол апатынан 10 жасар бала қаза тапты

  • 75
  • UPD: 14:13, 17.11.2020
Оралда жол апатынан 10 жасар бала қаза тапты

Оралда жол апатынан 10 жасар бала қаза тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 17 қараша күні сағат 09:10 шамасында Московская көшесінде болды. 22 жастағы жүргізуші қыз автокөлігімен 10 жасар баланы қағып кеткен. Бала ауыр халде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Ата-аналар балаларына жол ережесін сақтауды ескертіп отыруы маңызды. Сондай-ақ жүргізушілер де мұқият болуы қажет. Қайғылы оқиғаға орай полиция департаменті баланың ата-анасы, жақындарына көңіл айтады», - деді Б.Белгібеков.

Хабар 24 телеарнасы