425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында техникалық ақауы бар автобустан 51 адам эвакуацияланды

  • 69
  • UPD: 17:15, 17.11.2020
Қарағанды облысында техникалық ақауы бар автобустан 51 адам эвакуацияланды

17 қараша күні сағат 3:11-де құтқарушылар Балқаш қаласынан 4 шақырым жердегі Саяқ кенті – Балқаш қаласы автожолында техникалық ақауы бар вахталық автобустан 51 адамды эвакуациялап, Балқаш қаласына жеткізді.

«Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмады», - делінген Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.  

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райының бұзылуына байланысты уақытша алыс жолға шықпауды, жолға шығар алдында көліктердің техникалық жағдайын тексеруді, ауа райы, дауылды ескетулер туралы ақпаратты қарау керектігін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы