419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай тұрғынын он адам ұрып, тонап кетті

  • 381
  • UPD: 14:20, 25.11.2020
Қостанай тұрғынын он адам ұрып, тонап кетті

Қостанайда 21 қараша күні сағат 22:00 шамасында 10 адам облыс орталығының 34 жастағы тұрғынын жабылып ұрып кеткен.

Бұл туралы alau.kz Қостанай облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жәбірленуші бірден «102» нөміріне қоңырау шалып, оқиға туралы патрульдік полицияға хабарлаған. Оны белгісіз біреулер ұрып-соғып, 20 мың теңге ақшасын және велосипедін алып кеткен.

Полиция күдіктілерді жақын маңдағы көшеден тапты. Олардың мас күйде екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлімі «Бұзақылық» бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы