420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада тағы газ баллоны жарылды

  • 116
  • UPD: 09:10, 02.12.2020
Елордада тағы газ баллоны жарылды

Елордадағы тамақтану орнында тағы да газ баллоны жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға Байтұрсынов көшесінің бойындағы контейнерде болған. Жеке нысан асхана ретінде жабдықталған. Өрт түнгі 22:00 шамасында шықты және 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұған қоса, контейнер жанындағы ағаш құрылғылар да отқа оранды. Оны ауыздықтау үшін 4 техника мен жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді. Өрт сөндірушілердің күшімен тағы 4 газ баллоны шығарылды. Қазір оқыс оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы