433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда полицейлер алаяқ әйелді қолға түсірді

  • 200
  • UPD: 21:08, 11.12.2020
Павлодарда полицейлер алаяқ әйелді қолға түсірді

Алаяқ облыс орталығындағы тұрғындардың темір тұлпарын бөліп төлеу жолымен сатып алып, артынша ломбардқа өткізіп отырған.

Қазір оның онға жуық адамды алдап соғып, тақырға отырғызғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары сол себепті онлайн түріндегі жарнамалар бойынша сауда жасарда өте сақ болу керектігін ескертеді. Өйткені өңірде жыл басынан бері осындай 1,5 мыңнан астам алаяқтық дерегі тіркелген.   

Жанна Белялова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

 – Аталған азаматша ғаламтордағы жарнамалар арқылы автокөлік иелерімен келісіп, оны бөліп төлеу жолымен сатып алып отырған. Алғашқы жарнасын қолдарына ұстатқан соң қала тұрғындары оған сенген. Темір тұлпарларын ломбардқа өткізіп жібереді деп еш ойламаған. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық кодекстің жүз тоқсаныншы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы