418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Төрт баламен жолға шыққан ағайындылар жол апатынан қаза тапты

  • 174
  • UPD: 22:09, 20.12.2020
Төрт баламен жолға шыққан ағайындылар жол апатынан қаза тапты

Атырау облысында жеңіл көлік аударылып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты 19 желтоқсанда «Индер-Атырау» трассасында болған. Индер ауданының Ынтымақ ауылында тұратын 32 жастағы жүргізуші «Приора» маркалы көлігімен Ақтау қаласынан әпкесін 4 баласымен бірге Атырауға жеткізу үшін жолға шыққан. Алайда жолда көлік аударылған. Жол-көлік апатынан оқиға орнында ағайынды 32 жастағы жүргізуші мен 38 жастағы әйел мерт болған. Аударылған көліктегі төрт бала аман қалған. Қазір жол апатына байланысты сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы