421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да пәтерлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды

  • 126
  • UPD: 17:58, 21.12.2020
ШҚО-да пәтерлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды

Шығыс Қазақстан облысында атыс қаруымен аса ауыр қылмыс жасалған, деп хабарлады ҚазАқпарат ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство Курчатовта көп қабатты үйдегі пәтерлердің бірінен үш ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді.

«Алдын ала мәліметтер бойынша кінәлі тұлға (марқұмдардың бірі) қылмыс жасағаннан кейін өзіне-өзі қол жұмсаған. Қайтыс болған ер адамдардың жеке басы анықталды. Олардың барлығы – Курчатов қаласының тұрғындары», - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

ҚР ҚК 99-баптың 2-тармағы бойынша («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды. Сонымен қатар полиция әлеуметтік желілерде жарияланған қала көшелерінде болған оқиға туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы