418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Итін көлікпен сүйреген Павлодар тұрғыны жазаға тартылады

  • 137
  • UPD: 17:36, 23.12.2020
Итін көлікпен сүйреген Павлодар тұрғыны жазаға тартылады

Павлодардың полицейлері итті көлікпен сүйреген адамды іздеп тапты. Ол Екібастұз қаласының 72 жастағы тұрғыны болып шықты.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін әлеуметтік желіде бұл оқиға қызу талқыға түскен болатын. Куәгерлер түсірген бейнетаспада көліктің жүк тиейтін бөлігіне байланған алабай тұқымдас иттің күре жолмен сырғанап бара жатқаны анық көрінеді. Полиция қызметкерлері кеншілер қаласының тұрғыны таңертеңгі уақытта итін ветернинария емханасына апарғанын анықтады. Қарт адамның   үйіне қайтарда оны көлікке басуға шамасы келмепті. 

Жанна Белялова, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Жануарларға  қатігездік көрсеткені үшін ер адамға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір көлік айып тұрағына қойылған. Ал ит иесіне қайтарылды.

Хабар 24 телеарнасы