Павлодарда электровоз басып кеткен ер адам бірнеше жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 23 желтоқсанда сағат 21:55 шамасында болған.
«Электровоз басып кеткен 1956 жылғы ер адам жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы, сол жақ шынтақ сүйегінің сынуы, жамбас сақинасының жабық сынуы, оң жақ сан сүйегінің жабық сынуы, 2-3 дәрежелі травматикалық шок диагноздарымен ауруханаға түсті», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Айтуларынша, алкогольдік мас күйдегі ер адам Павлодар қаласындағы бірінші қалалық аурухананың политравма бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер жәбірленушінің жағдайын тұрақты деп бағалауда.