420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда BMW жүргізушісі тұрақта тұрған үш көлікті соғып кетті

  • 158
  • UPD: 10:14, 28.12.2020
Алматыда BMW жүргізушісі тұрақта тұрған үш көлікті соғып кетті zakon.kz

Алматыда BMW жүргізушісі ұйықтап кетіп, аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының жанындағы тұрақта тұрған көліктерді қағып кетті, деп хабарлады zakon.kz.

Райымбек даңғылының бойымен батыс бағытта келе жатып BMW қарсы жолаққа шығып кеткен. Содан кейін ол жол жиегінде тұрған көліктерге соғылды.

Жол-көлік оқиғасы Жетісу аудандық ішкі істер бөлімінің жанында болғандықтан, полицейлер оқиға орнына бірінші жетті.

Белгілі болғандай, зақымданған үш көлік полиция қызметкерлеріне тиесілі.

Жүргізушінің айтуынша, ол көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кеткен. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы