Елордада аумағы шамамен 200 шаршы метр гараж өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Автокөліктер тұрған гараж Челлюскинцев көшесінде екі қабатты жеке үй маңында орналасқан. Оқиға орнына 60 өрт сөндіруші мен 13 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт шамамен сағат 11:18-де оқшауланды. Өрттің шығу себебі анықталуда.