loader

Семейде полицейлерге арналған автобус шығарыла бастады

Семейдегі автоқұрастыру зауытында полицейлерге арналған автобус шығарылады. Облыстық ішкі істер департаментінен осындай тапсырыс түскен. Кәсіпорында әзірге 5 көлік құрастырылды. Автобустар жеке құрамды тасымалдауға арналған. Мамандар бұл техникалардың өзіндік ерекшеліктері бар екенін айтады. Терезелері брондалған шыныдан жасалған, жүрісі де ширақ. Қозғалтқыштың қуаты 300 аттың күшіне тең. Зауыт болашақта басқа да күштік құрылымдарға арнайы автобустар шығаруды жоспарлап отыр.

Марат Мәкішев, Семей Автоқұрастыру зауыты бас директорының орынбасары:

- Бұл автобустың ерекшелігі сол, жол талғамайды. Сенімділігі де жоғары. Үнемшілдігі тағы бар. Сапасын барынша жоғарылата түстік.

Сондай-ақ...