378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ешкі сүті экспортқа шығарылуы мүмкін

  • 2058

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы асылтұқымды ешкі шаруашылығы осы көктемде ешкі сүтін өндіре бастайды.

Аталған шаруашылық бұдан 3 ай бұрын Қажымұқан ауылының іргесінен ашылған. Қазір мұнда 72 ешкіге арналған сауын алаңы мен жылына 4 мың тонна сүт өңдей алатын зауыт дайын тұр. Яғни жазға қарай шаруашылықтың емдік қасиеті бар ешкі сүтінен бөлек ірімшік, тәтті сүзбе секілді 10-нан астам өнім түрі нарыққа шығарылады. Іс ілгерілеп жатса, серіктестік экспортты да қолға алмақ. Қазірдің өзінде ешкі сүтіне көрші Қытай елі қызығушылық танытып отыр. Аймақтағы айрықша жобаны әзірге серіктестік өз қаржысымен дамытып келеді. Сондықтан кәсіпкерлер өнімнің осы түріне субсидия бөлініп, оны сатуға мемлекеттік деңгейде қолдау болса дейді.

Ермек Лұқпанов, шаруашылық директоры:

- Осы март айынан бастап ешкі лақтайды. Ешкі лақтаған соң біз оны сауамыз. Бір ешкіден 3-5 литр сүт алуды жоспарлап отырмыз. Үкіметтен сұрайтынымыз – тек бізді қолдау. Қазір 337 бас алдық. Бірақ бір-екі жылдан кейін 5 мың басқа дейін жеткіземіз деген жоспарым бар.

Хабар 24 телеарнасы