384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вануату Республикасы Қазақстанмен ынтымақтастық орнатпақ

  • 749
  • UPD: 01:43, 29.01.2017

Тынық мұхитындағы бұл мемлекеттің Біріккен ұлттар ұйымындағы тұрақты өкілі Одо Теви осылай деп мәлімдеді.

Біздің арна тілшілеріне берген сұхбатында Теви Қазақстанның бітімгерлік әрекеттері бүкіл әлемге үлгі екендігін атап өтті. Мұнда Қазақстанның ядролық қаруға қарсы әрекеттері туралы хабардар. Ал Тевидің өзі Біріккен ұлттар ұйымының қарусыздандыру жөніндегі комиссиясына төрағалық етіп отыр.

Айта кеткен жөн, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасы 2014 жылы басталды. Вануату мемлекеті Жаңа Гебридтер Архипелагындағы 83 аралдан тұрады.

Одо Теви, Вануату Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі:

- Қазақстанның өзінің тұрақты позициясы бар. Елдің Қауіпсіздік кеңесінде атқаратын жұмысы өте ауқымды. 2016 жылы Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының қарусыздандыру тобына қатысып, бірқатар бастамалар жасады. Мен үшін Қазақстан ядролық қаруға қарсы қозғалыста көш бастап келе жатқан бірегей мемлекет.

Хабар 24 телеарнасы