387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Р.Хасанов: Н.Назарбаевтың «әуелі экономика, одан соң саясат» тұжырымы өз жемісін берді

  • 513
  • UPD: 17:26, 30.01.2017

Елбасының мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуіне Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің мүшелері де пікір айтып, ойларын ортаға салды.

Халықаралық ұйымның бас хатшысы Рамиль Хасанов: «Қазақстан 25 жылдың ішінде экономикалық реформаларды сәтті жүргізіп, қарыштап дамыды. Соның арқасында халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқаты артып, елдің әлеуеті күшейді. Ендігі кезек саяси реформаға келіп жетті. Өйткені бұл өзгерістер мемлекеттің алдағы даму кезеңін анықтайтын маңызды қадам болмақ», - дейді.

Рамиль Хасанов, Түркі кеңесінің бас хатшысы:

- Қазақстан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «әуелі экономика, одан соң саясат» тұжырымы өз жемісін берді. Қазақ елінің көшбасшысы билік тармақтары арасында өкілеттілікті қайта бөледі. Оның нәтижесінде үкімет пен парламенттің құзыреті кеңейіп, пәрмені артпақ. Бұл кешенді өзгерістер қоғамның дамуына негізделген деп қабылдаймыз. Өйткені Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әр бастамасы нәтижелі әрі өміршеңдігімен ерекшеленеді. Ал оның осы жолғы саяси реформасы өте өзекті және маңызды. Сондықтан Түркі кеңесі Қазақстан халқының қабылдаған әр шешіміне құрметпен қарап, қолдау білдіреді деп сендіремін.

Хабар 24 телеарнасы