389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Мәдени-географиялық белдеу құру туралы Елбасы бастамасы туризмнің дамуына серпін береді

  • 1360
  • UPD: 23:52, 13.04.2017

«Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін» құру туралы Елбасы бастамасы ішкі туризмнің дамуына тың серпін береді».

Ақтаудағы «Халықтық келісім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юсуп Шахшаевтің пікірі осыған саяды. «Маңғыстау өңірінде 362 әулие жерленген. Өлке ғажайыптарын, әсіресе Оғыланды тауындағы «Бекет ата» кесенесін көруге әлемнің әр түкпірінен туристер келеді. Ұлттық мәртебеміздің түпқазығы саналатын тарихи-мәдени ескерткіштерді көздің қарашығындай сақтап, әлемге насихаттау арқылы біртұтас елдігіміз айқындалады» - дейді өңірлік Ассамблея мүшесі.

Юсуп Шахшаев, «Қоғамдық келісім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Өңірлерде туризмді дамыту арқылы біз қазба байлықтарға тәуелділіктен арыламыз деген Елбасы сөзінің дұрыстығын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз. Сондықтан халқымыздың қасиетті жерлерін қалпына келтіріп, айрықша күтімге алсақ, келер ұрпаққа тұрмыстық, бастысы рухани азық қалдырамыз.

Хабар 24 телеарнасы