382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдегі форумда ШЫҰ-ның еуразиялық әріптестікке ықпалы талқыланды

  • 522
  • UPD: 17:51, 02.06.2017

Еуразиялық әріптестікті қалыптастыруға оң ықпал ететін ШЫҰ-ның ұстанымдары Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форумда талқыланды. Жиында ұйымның Астана саммитіндегі күн тәртібі де қаралды.

Айта кетейік, биыл Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне төрағалық етеді. Сарапшылар Астанада өтетін саммитті тарихи оқиғаға балайды. Маусымның 8-9 күндері шарада ұйымға мүше мемлекеттерге Үндістан мен Пәкістан жетекшілік етеді. Осы екі ел қатарға қосылған соң ұйымға мүше елдердің жалпы ішкі өнімі 33 трлн долларды құрауы тиіс. Осылайша, ШЫҰ трансөңірлік бірлестікке айналады. Еске сала кетейік, Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия - ұйым сапында бақылаушы елдер. Ал Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка серіктес ел саналады.

Рашид Алимов, ШЫҰ-ның Бас хатшысы:  

- Қазірдің өзінде Астана Саммитіне қызығушылық өте жоғары. Қазақстанның төрағалығымен ұйымдастырылатын шаралар өңірлік және халықаралық қауымдастықта Қазақстан қызметінің деңгейі биік екенін көрсетеді. Бұған Орталық Азия мемлекеттері арасынан Қауіпсіздік кеңесіне Қазақстанның тұңғыш уақытша мүше болып сайлануы айқын дәлел. Жаһандық маңызы зор міндеттерді мінсіз атқаруы да оның абыройын арттыра түсері сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы