386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері Астанада бас қосты

  • 435
  • UPD: 15:13, 07.06.2017

Бүгін елордада Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің отырысы өтті.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары, ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры қатысты. Кеңес барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде конструктивті пікір алмасу өтті. ШЫҰ мүше мемлекеттері үшін заманауи қауіп-қатер кезіндегі басымдық міндет өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты ұстап тұру және нығайту болып табылатынын айта кеткен жөн. Отырысқа қатысушылар өткен жылғы ынтымақтастыққа талдау жасап, қорытындысын шығарды. Одан басқа ШЫҰ елдерінің қорғаныс ведомстволары арасында өзара іс-қимылды ары қарайғы дамыту перспективаларын қарастырды. Оның қорытындысы бойынша 2018 – 2019 жылдарға арналған ШЫҰ мүше мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің ынтымақтастық жоспары бекітіліп, тарихи және мәдени мұраны зерделеу және сақтау аясында әскери ведомстволар арасындағы ниет туралы хаттамаға қол қойылды. Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің келесі отырысы 2018 жылы Қытай Халық Республикасында өткізіледі деп жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы