389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ШЫҰ жастар кеңесі өтіп жатыр

  • 589
  • UPD: 13:55, 08.06.2017

Пәкістан және Үндістан елдері Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруден үмітті.

Дәл осы мәселе елордада халықаралық жастар форумында талқыланып жатыр. Ұйымға мүше мемлекеттердің жастары бүгін Астанада бас қосты. Кеңес отырысына қатысушылар өткен жылғы жоспарды саралап, қазіргі «жасыл» экономика, туризм және спортты дамыту мәселелерін сөз етті. «Алпауыт ұйымның географиялық аумағы кеңейсе, алға қойған мақсат-міндеттерді бірлесе орындауға мүмкіндік те көбейеді», – дейді жастар. Шара аясында жастар ықпалдастығын дамыту бойынша ұсыныстар әзірленеді деп жоспарланған.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

- Бүгінгі жастар отырысынан кейін семинарларда нақты мәселелер талқыланатын болады. Нақты шешімдерге келіп, жастар өздерінің әлеуетін пайдаланып, біздің ортақ мақсаттарымызға жету үшін сүбелі үлес қосады деп сенеміз.

Денис Кравченко, РФ Мемлекеттік думасы комитет төрағасының орынбасары:

- Форумнан қызықты жобалар күтеміз. Ресейден бірнеше бастама алып келдік. ШЫҰ жастар картасын қалай іске асыру қажеттігін айтамыз. Алдыңғы өткен отырыста Ресей аумағында жобаны жүзеге асыру тәсілдерін тауып, көпшілікке ұсынамыз деп келіскенбіз.

Хабар 24 телеарнасы