389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат депутаттарын сайлауды қадағалауы тиіс байқаушыларды аккредиттеу аяқталды

  • 602
  • UPD: 12:03, 23.06.2017

Маусымның 28-іне жоспарланған Сенат депутаттарын сайлауды қадағалауы тиіс байқаушыларды аккредиттеу аяқталды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, дауыс беру барысын халықаралық ұйымдардың 172 өкілі бақылайтын болады. Олардың арасында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің мүшелері бар. Мұнан бөлек 16 шет мемлекеттен 39 байқаушы сайлауға қатысатын болды. Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан да қызығушылық зор.

Франс-Пресс, Би-би-си, Томас Рейтер сияқты белгілі әлемдік ақпарат агенттіктері саяси доданы көру мақсатында өтініш білдіріпті.

Марат Сәрсенбаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

– Мұның артықшылығы қанша таңдаушыларымыз бар, қанша  адамдарымыз осы науқанға қатысады дегенді онлайн режимде осы бүкіл адамдар, бүкіл еліміз соны бақылауға, қарауға мүмкіндігі туып отыр. Сонда мынау демократияның тағы өскені, транспоренттігі, ашықтығы деп санаймын. 

Хабар 24 телеарнасы