366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сингапурдегі Қазақстан елшілігі тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай қабылдау өткізді

  • 304
  • UPD: 08:15, 18.12.2017

Қазақстанның Сингапурдағы елшілігі ел тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай салтанатты қабылдау өткізді. Бүгінде екі жақты қатынастар жыл санап жақсарып келеді. Қазір қос тарап еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Келер жылдан бастап, Сингапурда қазақстандықтардың, ал сингапурлықтардың біздің елімізде визасыз жүруі 15 күннен 30 күнге ұзаруы мүмкін.

Сингапур Ұлттық университеті – әлемдегі ең үздік 15 жоғары оқу орнының бірі. 2012 жылдан бері Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі мен Назарбаев Университеті арасында  тығыз байланыс орнаған. Мұндай ынтымақтастық екі ел президенттерінің достық қарым-қатынасының арқасында мүмкін  болды.

Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде қазақ қызы  Асель Мұсағалиева да қызмет істейді.  Ол «Болашақ» бағдарламасы бойынша дәл осы білім ошағында оқыған.  3 жылдан бері  Еуразия мен Шығыс Еуропа елдерінде бизнесті дамыту бөлімін басқарады. Тіпті Сингапурдың негізін қалаушы Ли Куан Юмен кездесіп, сұрақ қойған.

Әсел Мұсағалиева, Ли Куан Ю атындағы мектептің бөлім басшысы: 

- Ол Қазақсанда мемлекеттік басқаруды реформалаудың мүмкіндігі зор екендігін айтты.   Қазақстанда 1991 жылы  тәуелсіздік алардан біраз ай ғана бұрын болғандығын да жеткізді. Мен мұндағы қызметімді қосымша мүмкіндіктер ретінде көремін, ең алдымен кәсіби тұрғыдан өсуіме септігін тигізеді. Өйткені халықаралық тәжірибенің берері көп.  Әсіресе алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі. Ал, бұл жерде барлығын үйренуге болады. Кейін оның бәрін өз елімнің пайдасына жаратсам дейін. 

Бүгінде екі елдің оқу орындары оқытушылардың тәжірибе алмасу бағдарламасын сәтті жүзеге асырып келеді. Мәселен, Назарбаев университетінің профессоры Серік Оразғалиев 4 айдан бері осы мектепте жұмыс істейді.

Серік Оразғалиев, Назарбаев университетінің профессоры:р

- Мен осында келгнніме бірнеше ай ғана болды. Осы уақыт аралғында Сингапурдың дамуына қатысты мына сөздерді жиі естимін. Ол прагматизм, меритократия және адалдық.   

5 жыл ішінде  Ли Куан Ю саясат мектебіне Назарбаев университетінен 100-ден астам қазақстандық   барып, біліктілігін шыңдап қайтты. Қазір олар Сингапурдың  мемлекеттік басқаруға қатысты тәжіибесін Қазақстанға енгізіп жатыр.  

Авторлары: Владислав Цой, Ли Сан Хён

Хабар 24 телеарнасы