384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Андрей Мамыкин: Тығырыққа тірелген Женева келіссөздерінен гөрі Астана процесі әлдеқайда тиімді

  • 358
  • UPD: 07:50, 23.12.2017

Астана процесінде Қазақстан өзін жақсы жағынан көрсетті.

Қазақ елінің дипломатиясы мен саяси басшылығы бүкіл тарапқа шиеленісті тоқтатуда нақты нәтиже берген келіссөз алаңын ұсынды. Астана келіссөз процесінің маңызы мен нәтижесі туралы еуропалық саясаткерлер мен кәсіпкерлер осылай деп пікір білдірді.

Фридберт Пфлюгер, ГФР кәсіпкері:

- Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның аймақтық көшбасшылығын жыл санап әлем елдері мойындап келеді. Қазақстан  Орталық Азияда бірлік пен тұрақтылықты қолдайтын және осы мақсатта тынымсыз тер төгіп жүрген бірегей ел екенін көрсете білді. Сириядағы дағдарысты реттеу жолында бірегей алаң ұсынғанын да білеміз. Қазақстан мен сіздердің елдеріңіздің Президенті болашақта да осындай түйткілді мәселелердің түйінін тарқату жолында ерекше рөл атқаратынына сенеміз.

Андрей Мамыкин, Еуропа Парламентінің депутаты: 

- Менің ойымша, тығырыққа тірелген Женева келіссөздерінен гөрі Астана процесі әлдеқайда тиімді. Бұл, әрине, Қазақстанның халықаралық саясаттағы беделін айқындай түседі. Себебі Қазақстанға  бітімгер ретінде өзара жауласқан тараптар алаңсыз сенім білдіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы