388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: В.Путиннің жеңісі ресейліктердің елдегі саясатқа көңілі толатындығын аңғартады

  • 478
  • UPD: 21:34, 19.03.2018
Сарапшы: В.Путиннің жеңісі ресейліктердің елдегі саясатқа көңілі толатындығын аңғартады

Владимир Путиннің президенттік сайлаудағы жеңісі ресейліктердің елдегі қазіргі саясатқа көңілі толатындығын аңғартады.

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков осылай деді. Қазақстанда 17 қалада сайлау бөлімшелері құрылып, 15 мыңдай ресейлік таңдауын жасаған.

Жұмабек Сарабеков Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

– Владимир Путиннің кезекті президенттік мерзімінде Қазақстанмен қарым-қатынасты ары қарай күшейту күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып қала береді деп ойлаймын. Себебі Астана мен Мәскеуге Еуразиялық Экономикалық одақтың жұмысын ары қарай дамыту мәселесі тұр. Одан бөлек қауіпсіздік саласындағы диалогты одан ары жалғастыруға толық негіз бар.

Хабар 24 телеарнасы