365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысы өтті

  • 192
  • UPD: 18:37, 14.06.2018
Терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысы өтті

Астанада ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді.

Консультативтік-кеңесші органның жұмысы барысында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру алгоритмін қолдады.  

Мемлекеттік, стратегиялық және маңызды өндірістік объектілердің, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындардың терроризмге қарсы қорғанысын ұйымдастыруға ұстанымдарды одан әрі жетілдіру бойынша шаралар талқыланды.

Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығын мерекелеу кезеңінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге әзірлік қаралды.

ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.

Осы категория бойынша: « Елбасы: Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин Абайдың жұмысымен жақсы таныс Еліміз БҰҰ бітімгерлік миссиясындағы офицерлер санын арттырады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы