374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жақсылық Омар Өскемен қаласына әкім болып тағайындалды

  • 332
  • UPD: 19:04, 20.08.2018

Шығыс Қазақстан облысының орталығына жаңа әкім келді. Қала жетекшісін көпшілікке аймақ басшысы Даниал Ахметов таныстырды.

Енді қала әкімі қызметін осыған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары болып келген Жақсылық Омар атқаратын болады.

Айта кеткен жөн, 13 тамыз күні шаһардың бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш жазып, орнын босатқан болатын. Риддер қаласындағы адам өлімімен аяқталған жол апатында куәгер ретінде жауапқа тартылған ол көптен бері қоғам назарында жүрген еді. Ал жаңа әкім бұл өлкемен етене таныс. Ол 2009-2016 жылдары облыс әкімдігінде түрлі лауазымда қызмет атқарған.

Жақсылық Омар, қала әкімі:

- Мен өзімнің тағдырыма ризашылығымды білдіргім келеді, өйткені осымен екінші рет Шығыс Қазақстан облысында қызметке кірісіп отырмын. Ең бірінші негізгі мақсат – сіздің берген тапсырмаларыңыздың бәрін мұқият орындап, халықтың өмір сүру жағдайын жақсартып, осы елдің көңілінен шығу.

Осы категория бойынша: « Сарапшы: Қазақстан Каспийге қатысты даудың шешімін тапты Б.Сағынтаев мемлекеттік органдарды Шымкенттен Түркістанға көшіру барысымен танысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы