368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Суретші Кәріпбек Күйіков алғаш рет БҰҰ мінбесінен сөз сөйледі

  • 218
  • UPD: 15:45, 07.09.2018

Еліміздің бастамасы бойынша БҰҰ Бас ассамблеясында Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні атап өтілді.

Форумды ашқан Бас ассамблея төрағасы Мирослав Лайчак бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті.

«Бұл күні ядролық қарудың қайғылы салдарын еске түсіріп ғана қоймай, қауіпсіз болашағымызды қалыптастыру үшін әлем қауымдастығының күшін біріктіру керек», - деді ол. Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Семей сынақ полигонының жабылу тарихын еске салды. Сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісімшартты дереу күшіне енгізуге шақырды. Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісімшартты дайындау комиссиясы хатшысының орынбасары Лассина Зербо бұл бағытта Қазақстанның жетекшілігін атап өтті. Бүгін ядролық сынақтардан зардап шеккен отандасымыз, суретші Кәріпбек Күйіков алғаш рет БҰҰ мінбесінен сөз сөйледі.

Кәріпбек Күйіков, АТОМ жобасының құрметті елшісі:

- Қазақстан – ядролық сынақтардың ауыр қасіретін тартқан ел. Сол себептен жойқын қаруды жоюға бағытталған бастамаларды ұсынуға толық хақы бар. Жақында жасым елуге келді, оның 25 жылын ядролық қаруға қарсы күреске арнадым. Халықаралық қауымдастық Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы саладағы еңбегін қолдайды. Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы қарарға қол қойып, ол Қазақстан бейбітшілік пен игілік жолын таңдағанын бүкіл әлемге паш етті. Бұл өзге елдерге үлгі тұтар іс болған.

Кәріпбек Күйіков ядролық қаруға қатысы бар өзге елдерді сынақтарға жаппай тыйым салу туралы Келісімшартқа қол қойып, ратификациялауға шақырды. Тап осы мақсатпен АТОМ жобасы құрылған. Осы ұйым сайтында мемлекет басшыларына ядролық қарусыз әлем құру талабы жазылған петиция бар. Бүгінгі күні оған 100 елдің 312 мың тұрғыны қол қойып үлгерген.

Осы категория бойынша: « БҰҰ-да алғаш рет Ядролық сынаққа қарсы әрекет ету күні атап өтіліп жатыр ШҚО-да шекара күзеті мәселесіне арналған отырыс өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы