360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ штаб-пәтерінде саяси пікірсайыс басталды

  • 279
  • UPD: 11:58, 27.09.2018

Бас ассамблея мінберінен 120 елдің басшылары және сыртқы істер министрлері сөз сөйлейді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов баяндамасын 28 қыркүйекте жасайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша мәжілісті ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерреш ашты. Пікірталас басталмас бұрын Бас хатшы ұйымның жұмысы жөнінде жыл сайынғы есебін берді. Ол өз сөзінде әлем елдері арасындағы қатынастар күрделеніп, өзара сенім азайғаны, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінде келісе алмаушылық ұлғайғанын атап өтті. Кейін Эфиопия мен Эритрея арасындағы бейбіт келісім, АҚШ пен Солтүстік Корея саммиті, қос Қорей мемлекет басшыларының кездесуі, Оңтүстік Судандағы бітім, Колумбияда бейбітшіліктің орнауы мен Либериядағы БҰҰ бітімгерлер жұмысының аяқталуы және миграция бойынша жаһандық келісімнің мақұлдануына ретімен тоқталып, жаһандағы күрмеулі мәселелерді бейбіт жолмен шешуге болатынын меңзеді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Қол жеткізген ерекше жетістіктеріміз туралы ақпарат бөлісу үшін БҰҰ Бас ассамблеясының мінбесіне көтерілдім. Екі жылдан аз мерзімде біз ел тарихындағы бүкіл әкімшіліктерден көп еңбек атқардық. Осылай қабылдайтыныңызды күтпеп едім, бірақ бәрі дұрыс. АҚШ экономикасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді. Мен сайланғалы бері экономикамыз 10 миллиард долларға өскен. Қаржы нарықтары рекордтық көрсеткіштерге жетті, ал жұмыссыздық соңғы 50 жылдағы ең төменгі деңгейде. Қаранәсілділер, латынамерикалықтар мен азиялықтар арасындағы жұмыссыздық бүкіл тарихымыздағы ең төмен деңгейге жетті.

Хабар 24 телеарнасы