365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау. Жемқорлықпен күрес жүргізуге тиісінше назар аударылады

  • 200
  • UPD: 22:46, 05.10.2018

Президент өз Жолдауында жемқорлыққа қарсы күрестің де жалғасатынын алға тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, қызметкері қолын былғаған жағдайда басшыларының да жазасын күшейту мәселесін қадап айтты. Бұл жағдай әсіресе, Инвестиция және даму министрлігі қызмет ететін салаларда өршіп тұр. Өйткені 2015 жылдан бері бұл ведмоствоның 146 маманына қатысты іс қозғалған. Оның 96-сы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал 46-сы сотталды. Соның өзінде жыл сайынғы салыстырмалы көрсеткіш төмендейтін емес. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді. Комитет басшыларымен өткен жиында жемқорлыққа қарсы күрес белсенді және қатаң түрде жүргізілу керектігі айтылды. Әйтпесе, жағдай одан сайын ушыға береді. Бұған қоса, мамандар жемқорлықтың салдарымен емес, себебімен күресетін тетіктерге басымдық берді.

Олжас Бектенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының орынбасары:

– Өкінішке орай, бұл министрлікте жемқорлыққа итермелейтін не соған негіз бола алатын олқылықтар жиі анықталады. Соның салдарынан тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны 3 есе артқан. Бірақ оның өзі тиісті нәтиже бермей отыр. Сондықтан мәселені жүйелі шешетін уақыт келді. Біздің агенттік осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп жатыр және дәл сондай белсенділікті министрлік өкілдерінен де күтеміз.

Хабар 24 телеарнасы