365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХА Жолдауға қатысты үндеу жариялады

  • 176
  • UPD: 21:24, 06.10.2018

Қазақстан халқы Ассамблеясы әр ауылда бес пәтерлі жатақхана салып, оған мұғалім, учаскелік полиция қызметкерін, дәрігер мен агроном секілді сұранысы бар мамандық иелерін орналастыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін мұндай идеяны Астанада өткен Ассамблеяның кеңейтілген кеңесінде ауыл әкімдерінің бірі айтты. Оның айтуынша, осылайша Елбасының жаңа Жолдауында айқындалған міндеттердің тең жартысын орындауға болады. Сонымен бірге келелі кеңесте Ассамблея мүшелері ішкі істер қызметін реформалауға ат салысу қажеттігін атап өтіп, Жолдауға қатысты үндеу жариялады.

Әскер Пириев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

– Бүгін айтылған ұсыныстың бірі – ауылды аймақтарға білікті мамандарды тарту үшін баспана мәселесін шешу. Ауылдағы мұғалімдердің жалақысы қаладағыларға қарағанда кішкене көбірек болса. Ал оған қоса, тұрғын үй мәселесі шешілсе, яғни қызметтік пәтерлер болатын болса, ауылға қызметкерлер барады деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы