365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан көпвекторлы саясат жүргізеді

  • 119
  • UPD: 13:54, 09.10.2018

Неміс сарапшылары да Қазақстан Президентінің жолдауымен танысты.

Саясаттанушы Маттиас Дорнфельдтің пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет ішіндегі реформаларға үлкен көңіл бөлген. Сыртқы саясат та назарынан тыс қалған жоқ. Қазақстан бүкіл елдермен достығын нығайтып, көпвекторлы саясатын жалғастыра бермек.

Маттиас Дорнфельдт, саясаттанушы:

- Қазақстан өзекті реформалар жүргізіп, экономиканы жаңғырту, цифрландыру және баламалы энергетикаға үлкен көңіл бөліп жүр. Президенттеріңіз жолдауында Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясатты ұстанатынын ерекше айтып кеткен. Бұл Орталық Азиядағы көрші елдермен қатар, Қытаймен де достық қарым-қатынасты білдіреді. Себебі Еуропаға қытайлық тауарлар Қазақстан арқылы жеткізіледі. Бұл елдеріңіз үшін саудада үлкен мүмкіндіктер ашып отыр. Сондай-ақ Президентіңіз Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен, Ресей, Еуропа, Түркия және АҚШ-пен қарым-қатынастардың келешегі зор екенін атап өтті. Менің қосарым, Германия үшін тұрақтылық орталығы саналатын Қазақстанмен серіктестікті нығайтудың маңызы зор.

Хабар 24 телеарнасы