366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның Кореядағы елшісі сенім грамоталарын тапсырды

  • 83
  • UPD: 13:51, 09.10.2018

Қазақстан елшісі Бақыт Дүйсенбаев Корея Республикасының басшысына сенім грамоталарын тапсырды.

Елшілермен кездесуінде Мун Чже Ин Қазақстанның атқарып жүрген бітімгерлік еңбегінің маңызын атап өтті. «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігін ескере отырып, біздің ел Корея түбегін ядролық қарудан арылту ісіне белсенді қатысуы мүмкін», – дейді ол. Сондай-ақ Мун Чже Ин екіжақты қатынастың дамуына кәріс диаспорасының қосқан үлесіне жоғары баға берген. Бақыт Дүйсенбаевтың айтуынша, Қазақстанның Азиядағы сауда-экономикалық серіктестерінің арасында Корея екінші орында тұр. «Қос елдің инфрақұрылымды дамыту, мұнай химиясы, ақпараттық технологиялар, медицина мен ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастығының келешегі зор», – дейді елші. 

Бақыт Дүйсенбаев, Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісі:

- Рәсім барысында Президент мырзамен әңгімелесіп, ол қарым-қатынастарымыздың стратегиялық сипатын атап өтті. Мун Чже Ин жақын арада Қазақстанға сапармен баруға ниет білдірді.

Хабар 24 телеарнасы