385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эльхан Алескеров: Қазақстанның әлемдік саясатта алатын өз орны бар

  • 387
  • UPD: 09:07, 26.11.2018

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен сарапшылары Қазақстан әлемдік аренада маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Олардың айтуынша, еліміз халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосып, бейбіт келіссөздер арқылы бірқатар шиеленісті шешуге атсалысты. Қазақ елінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Ислам Әріптестік Ұйымындағы төрағалық қызметіне жоғары баға берді. Шетелдік БАҚ өкілдері еліміздің БҰҰ-ының Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмысын да жоғары бағалады. Әзербайжанның Trend халықаралық ақпараттық агенттігі бас директорының орынбасары әрі философия ғылымдарының докторы Эльхан Алескеров Қазақстанның осы ұйымдағы жұмысы ресми Астананың халықаралық аренадағы беделінің артқанын көрсетеді деп отыр.

Эльхан Алескеров, Trend ақпараттық агенттігі бас директорының орынбасары:

- Бұл жетістіктерге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында қол жеткіздік. Ол елді жаңа белеске шығара білді. Қазір Қазақстан қарыштап дамып жатыр. Көршілес елдермен ғана емес, мұхиттың арғы жағындағы мемлекеттермен қарым-қатынас орната білді. Сондықтан Қазақстанның әлемдік саясатта алатын өз орны бар. Яғни елдің саясаты, алған бағыты дұрыс. 

Хабар 24 телеарнасы