385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Минскте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті

  • 581
  • UPD: 23:37, 27.11.2018

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Минскте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысты.

Алқалы жиын биыл осымен 3-рет өткізіліп отыр. Келелі кездесуде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің алыс-берісі, сауда-экономикалық байланысы сөз болды. Үкімет басшылары бас-аяғы 23 мәселе қарастырды. Екіжақты кездесулерден кейін тараптар кеңейтілген отырысқа ойысты. Онда сауда, өндіріс, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларындағы қордаланған жайттар талқыға салынды. Жиын соңында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы келесі жылдың басында Алматыда өтеді.    

Хабар 24 телеарнасы