389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лордтар палатасының мүшесі Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 700
  • UPD: 23:36, 15.12.2018

Қазақ елін Тәуелсіздік күнімен британиялық Парламенттің Қазақстанмен байланыс бойынша Жалпыпартиялық тобы төрағасының орынбасары, Лордтар палатасының мүшесі Мохаммед Итлаф Шейх құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Ұлыбритания парламентарийлерінің жақында Қазақстанға жасаған ресми сапарын, сондай-ақ сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстар бойынша Қазақстан-Британ мемлекетаралық комиссиясының бесінші отырысының табысты өткенін мәлімдеді. Сосын қос елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы стратегиялық диалог мәжілісінің маңызын ерекше атады.

Мохаммед Итлаф Шейх, Лордтар палатасының мүшесі:

- Мен Қазақстан және Ұлыбритания арасында орнатылған саяси, сауда және мәдени байланыстарды өте жоғары бағалаймын. Сіздердің тек Орталық Азияда ғана емес, бүгін әлемдегі орындарыңыз ерекше. Мысалы, сіздер Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланған аймақтағы алғашқы мемлекетсіздер. Сондай-ақ Біріккен Корольдіктің «Астана» халықаралық қаржы орталығымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқандығы да көңіл қуантады. Мен шын жүректен сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, зор жетістіктер тілегім келеді.

Хабар 24 телеарнасы