389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте 2018 жылы атқарылған шаруалар қорытындыланады

  • 433
  • UPD: 08:40, 26.12.2018
Мәжілісте 2018 жылы атқарылған шаруалар қорытындыланады Sputniknews.kz

Жыл ауысар шақта, әлем он екі айда атқарылған іс-шараларды қорытып алатыны бар ғой.

Тіпті жалпы ғана емес, жекенің де өзінен-өзі есеп сұрайтын кезеңі бұл. Бүгін Мәжіліс депутаттары да 2018 жылы атқарылған шаруаны қорытындылайды. Заң шығарушы орган өкілдері сессия басталған уақыттан бері әзірлеген құқықтық құжаттарын саралап, келер жылға жоспар құрады. Жалпы отырыста Президент тапсырмаларын орындау барысы да бағамдалады.

Айта кетейік, биыл төменгі палата депутаттары өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға қатысты заң жобасын мақұлдап, кепілдендірілген медициналық көмек көлемінің жаңа үлгісін бекітті. Сондай-ақ табиғи монополиялар жөніндегі құжатты қызу талқылап, кем-кетігін түзеді. Оған қоса, «Кинематография жөніндегі» салалық алғашқы заңды мақұлдады. 7 бірдей үкімет сағаты ұйымдастырылып, комитеттердің көшпелі 7 отырысы өтті. Ал Елбасы Жолдауын толыққанды жүзеге асыру мақсатында 2019-2021 жылдарға арналған бюджет бекітілді. Жалпы отырыс барысы келесі жаңалықтарда қамтылады.  

Хабар 24 телеарнасы