389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі комитеттерге төрағалық етуі аяқталады

  • 785
  • UPD: 23:14, 26.12.2018
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі комитеттерге төрағалық етуі аяқталады

Биыл Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі үш комитетке төрағалық етуі мерзімі аяқталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміз «Ирак және Левант лаңкесатік ұйымы» мен «Әл-Каидаға» қарсы, Ауғанстандағы «Тәліптер» мәселесі және Сомали мен Эритреядағы ахуалды ретке келтіру комитеттерін басқарған болатын. Ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер бар. Айталық, Эритреяда тұрақтылық орнатуға байланысты атқарған жұмыстарының нәтижесінде Қауіпсіздік кеңесі қараша айында осы елге салынған санкциялардың күшін жойды.

Қайрат Омаров, ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- Санкциялар және террорлық топтармен күреске қатысты іс болғандықтан атқарылатын міндеттің өте күрделі екені айтпаса да түсінікті. Өйткені бұл шиеленісте түрлі елдің көзқарасы бар. Қажырлы еңбектің арқасында 9 жыл бойы санкция құрсауында болған Эритреяны қатаң режимнен босаттық. Мұндай жағдай БҰҰ-ның тәжірибесінде өте сирек кездеседі. Террорлық топтармен күресті күшейту үшін аймақтық ұйымдармен байланыс орнатып, тәжірибе алмастық. Менің ойымша, комитетке төрағалық ету барысында және Қауіпсіздік кеңесіне мүше болғалы қазақстандық делегация ауқымды істер атқарды.

Хабар 24 телеарнасы