378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ конгресмені: Қазақстан өзге елдерге үлгі боларлық ел

  • 347
  • UPD: 23:31, 28.12.2018

Жаңа жыл қарсаңында америкалық саясаткерлер Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты қорытындылады.

Олар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үмітті екендіктерін жеткізді. Осы мақсатта іскерлік байланысты дамыту үшін ортақ хаб құру туралы ұсыныс жасаған. 

Дана Рорабахер, АҚШ конгресінің депутаты:

- Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ халқы бірлігін сақтап, ішкі кикілжіңдердің алдын ала білді. Сонымен қатар қырғиқабақ соғыс, ядролық қару сындық сын-қатерлерден аман өтті және өзгеге үлгі бола білді. Орналасқан жері де өте қолайлы. Сондықтан осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, көлік, сауда хабына айналдыру керек. Қазір оған мүмкіндік жеткілікті. Сондықтан АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамыта түсуге мүдделі.

Хабар 24 телеарнасы