389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгия БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде жұмысын бастады

  • 501
  • UPD: 10:40, 02.01.2019
Бельгия БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде жұмысын бастады

Қаңтардың бірінен бастап Бельгия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысын бастады.

Бельгия Корольдігінің дипломаттары Қазақстанның осы қызметте атқарған жұмысын жоғары бағалады. Олардың пікірінше, Қазақ елі Орталық Азия аймағы мен күллі дүние жүзіндегі бейбіт өмір мен келісімді насихаттауда ерекше рольге ие. Бельгияның Сыртқы істер министрлігінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жөніндегі  үйлестірушісі Қазақстанның ядролық қарусыз әлем жөніндегі үндеуі жоғары маңызға ие екенін айтады. Берт Вермессен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жаптыруы әлемге үлгі болған ұлы қадам екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы