378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 276
  • UPD: 22:34, 02.01.2019
Елбасы Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда Елбасы Магнитогорскідегі тұрғын үйдегі жарылыстың салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айта келе, «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - деген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы